БЖЗҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев қамауға алынды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

БЖЗҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев қамауға алынды - БАҚ

БЖЗҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев пен оның орынбасараларының біріне бірнеше миллиард теңге жаратты деген күдік келді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы құқық қорғау органдарының дереккөздеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БЖЗҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев пен оның орынбасараларының біріне бірнеше миллиард теңге жаратты деген күдік келді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы құқық қорғау органдарының дереккөздеріне сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, қазір ҰҚК қызметкерлері қордың менеджерлерінің БЖЗҚ қаражатын қайда жұмсағандарын анықтап жатыр. Айта кетейік, бұл тексерістер былтыр желтоқсан айында басталған болатын.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Руслан Ерденаевтың екі орынбасары болған - Сәуле Дүйсенова мен Дабыр Медетбеков. Бірақ әзірше қайсысы қамауға алынғаны белгісіз. Дереккөз: КТК.

Айта кетейік, Терентьев 6 қаңтардағы баспасөз мәслихатында БЖЗҚ-ға қатысты қылмыстық істің Ұлттық банктің өтінішінен кейін қозғалғанын мәлімдеген.

Еске салайық, 2016 жылдың 21 желтоқсанынан бастап ҚР Ұлттық банкінің қатысуымен "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" Акционерлік қоғамының қызметіне тексеріс жүргізілген болатын. Сол кезде тексерістің БЖЗҚ акционерлік қоғамының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары бойынша жүзеге асырылып жатқаны айтылған еді. "БЖЗҚ" АҚ-тың меншікті активтері оның капиталы және шаруашылық қызметінің нәтижелері есебінен қалыптастырылады екен. "БЖЗҚ" АҚ меншікті активтерді дербес басқарады", - деген еді банктегілер.

"Азаматтардың зейнетақы жинақтары "БЖЗҚ" АҚ-тың балансынан бөлінген және бөлек ескеріледі. Ұлттық Банк зейнетақы жинақтарын инвестициялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған 2016 жылға арналған бағыттар бойынша ғана жүзеге асырады. Бұл ретте 2016 жылы зейнетақы активтерін экономиканың нақты секторының жеке компанияларының қаржы құралдарына инвестициялау көзделмейді", - делінген еді ҰБ хабарламасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети