Ұлттық банктегілердің құқық қорғау органдарына жазған өтініші ҰҚК өкілдерінің "Бузгул Аурум" ЖШС-на қатысты қылмысты іс қозғауға негіз болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз конференциясы барысында Ұлттық банк өкілі Александр Терентьев айтты.

"Ұлттық банктегілердің өтініші қымыстық іс қозғауға негіз болды. Бізге де бұл келісім күдік келтірген еді. Бүгінде тергеу органдарымен келісе отырып, тек осы мәліметті айта аламын", - деді ол.
Еске салайық, 2016 жылдың 21 желтоқсанынан бастап ҚР Ұлттық банкінің қатысуымен "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" Акционерлік қоғамының қызметіне тексеріс жүргізілді. Сол кезде тексерістің БЖЗҚ акционерлік қоғамының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары бойынша жүзеге асырылып жатқаны айтылған еді. "БЖЗҚ" АҚ-тың меншікті активтері оның капиталы және шаруашылық қызметінің нәтижелері есебінен қалыптастырылады екен. "БЖЗҚ" АҚ меншікті активтерді дербес басқарады", - дейді банктегілер.
"Азаматтардың зейнетақы жинақтары "БЖЗҚ" АҚ-тың балансынан бөлінген және бөлек ескеріледі. Ұлттық Банк зейнетақы жинақтарын инвестициялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған 2016 жылға арналған бағыттар бойынша ғана жүзеге асырады. Бұл ретте 2016 жылы зейнетақы активтерін экономиканың нақты секторының жеке компанияларының қаржы құралдарына инвестициялау көзделмейді", - делінген еді ҰБ хабарламада.