БҚО ІІД бірнеше адамның полицейлермен төбелескен видеосына түсінік берді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
БҚО ІІД бірнеше адамның полицейлермен төбелескен видеосына түсінік берді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Еске салайық, белгісіз біреулер Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында жол полицейлерімен төбелесткен еді. Оқиға болған жердің маңында тұратындар мен көшедегілер видеоға түсіріп, оны желіге жүктеген. Солардың бірі Facebook қолданушысы Mirbulat Konsultanov оқиғаның видеосын 25 қыркүйекте жариялады.
БҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Орал қалалық ІІБ-ның жол-патрульдік полициясының инспекторлары патрульдеу барысында жылдамдықты асырған автөкөлікті тоқтатқан. "Заңды түрде тоқтатылған көліктің жүргізушісінен құжаттарын сұраған кезде, олар қарсылық көрсеткен. Жарақаттар алғанына қарамастан, полицейлер бұзақыларды ұстады", - деді ІІД-нің өкілдері.
Полицейлерге қарсылық көрсеткені үшін көліктің жүргізушісі (1992 жылғы) мен жолаушысы (1987 жылғы) ұсталып, қазіргі уақытта уақытша тергеу изоляторына жабылған. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" бабы бойынша жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, жүргізушіге қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылған: ҚР Әкімшілік кодексінің "Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлікті басқаруы" және "Мемлекеттік тіркеу номері жалған немесе өтірік болған жағдайда". Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Сондай-ақ полиция оқиғаның Зашаған ауылында емес, Ақсай қаласында болғанын айтады.