ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қыркүйек 2019 | 11:08
БҚО-да 2,4 миллион теңге жымқырған шенеунік сотталды
БҚО Бәйтерек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
БҚО Бәйтерек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "БҚО Бәйтерек ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-нің бас маманы И.І.Ілеске қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол аталған мемлекеттік мекеменің қажеттілігі үшін тауар-материалдық құнды заттарды сатып алуға бөлінген 2,4 млн. теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген", - делінген сыбайлас жемқорлық агенттігі баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.
Был 26 қыркүйкте БҚО Бәйтерек аудандық сотының үкімімен И.І.Ілеске бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 2 жыл 6 ай мерзімге (1 жылға жазаны кейінге қалдыра отырып) бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу жазасы белгіленді.
Показать комментарии
Читайте также