ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қаңтар 2020 | 09:07
БҚО-да 50 ақбөкен қырып тастағандар бостандықта жүр
"Охотзоопром" инспекторлары Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп атылған 50 ақбөкен мен олардың мүйізін анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жануарлар 30 қаңтарда сағат 19:15 шамасында ШҚО Жанғалы ауданын тору кезінде анықталған. Оқиға орнына Жанғалы аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу қызметкерлері келді.
"Оқиға Батыс Қазақстан облысында болған. Бүгін "Охозоопром" инспекторлары рейд кезінде атылған 50 ақбөкеннің мүйізін анықтаған. Полиция қылмыскерлерді іздестіріп жатыр. Қылмыскерлер табылып, тиісті жазасын алады деп сенемін", - дейді экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter желісіндегі парақшасында.
Показать комментарии
Читайте также