31 қаңтар 2020 09:07

БҚО-да 50 ақбөкен қырып тастағандар бостандықта жүр

"Охотзоопром" инспекторлары Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп атылған 50 ақбөкен мен олардың мүйізін анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жануарлар 30 қаңтарда сағат 19:15 шамасында ШҚО Жанғалы ауданын тору кезінде анықталған. Оқиға орнына Жанғалы аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу қызметкерлері келді. 

"Оқиға Батыс Қазақстан облысында болған. Бүгін "Охозоопром" инспекторлары рейд кезінде атылған 50 ақбөкеннің мүйізін анықтаған. Полиция қылмыскерлерді іздестіріп жатыр. Қылмыскерлер табылып, тиісті жазасын алады деп сенемін", - дейді экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter желісіндегі парақшасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети