БҚО-да әйел адам баласын сатып жіберді деген күдікке ілінді

БҚО-да әйел адам баласын сатып жіберді деген күдікке ілінді Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында жаңадан туған сәбиді сату дерегі тіркелді. Бүгінде бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында жаңадан туған сәбиді сату дерегі тіркелді. Бүгінде бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, 28 жастағы тұрғын ұсталған. 

"Әйел адам өзінің баласын Бұрлы ауданының екі тұрғынаны сатып жіберген. Келіссөз жүргізілгеннен кейін оны полиция ұстады. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға келмейді. Бүгінде әйел адамның неліктен мұндай әрекетке барғаны анықталып жатыр. Қажет дәлелдер жиналады", - деді БҚО Полиция департаментінің өкілдері. 

Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети