БҚО-да әйелі мен балаларын өлтірді деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да әйелі мен балаларын өлтірді деген күдікті ұсталды Оқиға орны

Батыс Қазақстан облысында полицейлер әйелі мен кәмелет жасқа толмаған балаларын өлтірді деген күдікке ілінген ер адамға қатысты тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында полицейлер әйелі мен кәмелет жасқа толмаған балаларын өлтірді деген күдікке ілінген ер адамға қатысты тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Марқұмдардың денесі өрт болған Ақтау аулы, Тасқала ауданында табылған. Төтенше жағдай департаменті 101 пультіне сағат 01:44-те жеке тұрғын үйде өрт басталғаны туралы хабар түскенін айтты.  

"Өрт аумағы 80 шаршы метр. Өрттің шығу себебі мен кінәлі адамдар анықталып жатыр. Өрт сағат 03:45-те сөндірілді", - дейді БҚО Төтенше жағдай департаментінің өкілдері. 

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін күдікті ұсталған. Ол ұсталған кезде өзіне қол жұмсамақ болған. 

"Өрт болған жерде әйел адам мен кәмелет жасқа толмаған балалардың денесі табылды. Оқиға бойынша 34 жастағы күдікті ұсталды. Ол қайтыс болған әйелдің күйеуі. Күдікті ұсталған уақытта тамағын кесіп жібермек болды. Ер адам ауруханаға жатқызылды", - деп мәлімдеді БҚО Полиция департаменті. 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. Марқұмдардың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 519.61  course down  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети