БҚО-да экс-полицейді өлтірді деген күдікпен ер адам қамауға алынды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да экс-полицейді өлтірді деген күдікпен ер адам қамауға алынды ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Батыс Қазақстан облысында 26 жастағы экс-полицейді өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды "Мой город".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында 26 жастағы экс-полицейді өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды "Мой город".

Басылым мәліметінше, оқиға 26 қазанда Ақжайық ауданы Чапаево ауылында түнде болған. Полиция департаменті мәліметінше, 51 жастағы күдікті жанжал кезінде бұрынғы полицейдің жүрегіне пышақ сұғып алған. Жедел жәрдемді күтпестен полицей медициналық мекемеге жеткізілген. Ол Ақжайық ауданының орталық ауруханасына жетпей қаза болған.

Марқұм бұрын ішкі істер органдарында, яғни Ақжайық аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы болып жұмыс істеген.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

БҚО сотының баспасөз қызметі мәліметінше, 28 қазанда Ақжайық ауданының тергеу соты күдіктіні екі айға қамауға алуға санкция берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети