Оралдың ауданаралық мамандандырылған сотында бұрынғы Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиевке осы жылдың ақпан айында өзінің көңілдесін тапсырыс беріп өлтіргеніне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.
Оралдың ауданаралық мамандандырылған сотында бұрынғы Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиевке осы жылдың ақпан айында өзінің көңілдесін тапсырыс беріп өлтіргеніне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.
Бұрынғы аудан әкіміне қатысты сот процесі жабық түрде өтті. Соттың істі қарауы бір жарым айға созылды, ал Серікқалиев пен оның сыбайластары мамыр айынан бері қамауда болды. Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиевке және Теректі ауданының Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер басшысы Арман Қажымұратовқа 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Олар жазасын қатаң режимдегі колонияда өткізеді. Сонымен қатар Қажымұратовты күштеп нашақорлық ауруынан емдеу жазасы кесілген. Арнайы тапсырысты орындаушы Бейімбет Исмағамбетов - 10 жыл қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеу үкімі шығарылды. Қажымұратов пен Исмағамбетов азаматтық арыз бойынша зардап шегуші жаққа 1 миллион теңге моральдық және 568,5 мың теңге материалдық шығын төлейтін болады. Жеңіс Серікқалиевтің адвокаты өзі қорғап отырған адамы міндетті түрде үкімге шағымданатынын айтты.
Сот үкімі шыққан соң, жағдай басқа жаққа ауа түсті. Шабуылдың құрбаны Крестина Сәлімгереева журналистерге айыпталушы Жеңіс Серікқалиевтің кінәсіздігін мәлімдеді.
"Мен Серікқалиевтің адвокатын қолдаймын. Мен Серікқалиевке қатысты шыққан үкімге қарсымын. Ол кінәсіз, мен бұған сенімдімін", - деді ол. Әйел адам өз әрекетін түсіндіруден бас тартты.
Тергеу мәліметінше, Жеңіс Серікқалиев биыл ақпанда жергілікті азаматшаны өлтіруге тапсырыс берген. Бұл істі ол өз достарының бірі мен жүргізушісіне тапсырған. Сыбайластарының әрекетінен әйел аман қалып, өзін өлтірмек болғандарды көрсетіп берген. Ал сотта 2014 жылы әйелдің шенеуніктен бір қыз босанып алғаны белгілі болды. Кейін ол Серікқалиевтен фамилиясын қызына беруді сұрап, рәсімдеуді сұраған, алайда ол мансабына кір келтіргісі келмей және отбасынан айырылғысы келмей, келісім бермепті. Сөйтіп, ол сыбайластарына 500 мың теңге көлемінде қаражат беріп, қысым көрсетіп, көңілдесін өлтіруді тапсырған. Олар әйелге бірнеше жерінен сегіз мәрте пышақ салған. Алайда әйел аман қалыпты.
Айта кетейік, Жеңіс Серікқалиев ұсталуына бірнеше сағат қалғанда қызметінен өз қалауымен кеткен. Президент әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен оның орнына Жәнібек ауданының бұрынғы әкімі 47 жастағы Мұрат Мұқаев келген. Кейін бұрынғы шенеунік екі айға қамауға алынды.