БҚО-да ер адам 10 мың теңге және телефон үшін танысын өлтіріп кеткен

01 Желтоқсан, 13:36
0
БҚО-да ер адам 10 мың теңге және телефон үшін танысын өлтіріп кеткен - Көрнекі сурет © pixabay.com
Көрнекі сурет © pixabay.com

Ақтауда ер адам 10 мың теңге және телефон үшін танысын өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды инАқтау

Іс мәтериалдарындағы мәлімет бойынша, оқиға кезінде қылмыскер жәбірленушінің үйінде болған. Екеуі жанжалдасып, артынша әйел адам ұйықтауға кетіп қалған. 

Ашуға бой алдырған ер адам асханаға барып, пышақ алып төсекте жатқан әйел адамның кеудесінен ұрып жіберген. Әйел адамның қашып құтылайын деген әрекеттерін байқаған ер адам қолына орамал алып оны тұншықтырып тастаған. Оқиғадан кейін ер адам пәтерден 10 мың теңге мен ұялы телефонды алып шығып кеткен. 

Полицейлер қылмыскерді бірден құрықтаған. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 99 және 188-баптары бойынша жаза тағайындалып, қылмыскер 11 жылға бас бостандығынан айырылған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай