31 наурыз 2021 | 09:25

БҚО-да жанжалдан кейін өрт сөндіру бөлімінің бастығы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/ablazimov_bqo © instagram/ablazimov_bqo

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылындағы №27 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ақан Нұрғалиев қайтыс болды. Оның денесінде ұрып-соғу белгілері болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылындағы №27 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ақан Нұрғалиев қайтыс болды. Оның денесінде ұрып-соғу белгілері болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 25 наурызда болды. Жәбірленушінің ағасы Руслан Нұрғалиевтің айтуынша, Ақанды кешкі сағат 11 шамасында әріптестері жұмысқа шақырған.

"Неге шақырғандарын білмеймін. Өрт сөндіру бөлімінде екі өртсөндірушіден басқа тағы екі бөтен адам болған. Бәрі мас болды. Жанжал неден шыққанын, кім кімді ұрғанын білмейміз. Өрт сөндіру бөліміндегі камералар сынған. Келесі күні Ақанның мәйіті басқа туысымыздың қорасынан табылды. Олар ауылдың екінші жағында тұрады. Келініміз таңертең далаға шыққанда біреудің қорада жатқанын көрген. Мұны бізге хабарлап, жедел жәрдем шақырды. Ол бірден аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. 27 наурызда таңғы 5-те қайтыс болды. Үш бала жетім қалды", - деді Руслан Нұрғалиев.

Марқұмның туыстары тергеу әрекеті кезінде маңызды сәт ескерілмей, кінәлілер жазасыз қалады деп алаңдайды.

"Оны өлтіріп, денесін қораға тастады. Ағамды өлтіргендер заң бойынша жазалануы керек. Бұл оқиғаға ағамды кінәлі қылып шығара ма деп қорқамын", - деді туысы.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі іс бойынша ҚР ҚК-ның 106-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілгенін хабарлады.

"2021 жылдың 25 наурызында сағат 23:00 шамасында Қарауылтөбе ауылының тұрғындары 1992 жылы туған Н. мен М. арасында жанжал шығып, төбелес болған. 2021 жылдың 26 наурызында сағат 08:30 шамасында азамат Н. ес-түссіз күйде табылды және жедел жәрдем көлігімен Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді. 2021 жылы 27 наурызда сағат 05:46-да Ақжайық аудандық ауруханасының хирургия бөлімінен оның қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті. Жәбірленуші Н. қайтыс болуына байланысты іс ҚР ҚК-ның 106-бабы 3-бөлігіне қайта сараланды, ал күдікті М. қамауға алынып, уақытша ұстасу изоляторына қамалды", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети