Батыс Қазақстан облысында жүкті экс-шенеунікті қамауға алу үш жылға кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында жүкті экс-шенеунікті қамауға алу үш жылға кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
2 қарашада Бөрлі аудандық соты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бұрынғы бас маманы Айдана Қардашеваға қатысты үкім шығарды. 28 жастағы әйелге бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін жымқырды немесе жосықсыз пайдаланды деген айып тағылған.
Іс материалдарында көрсетілген мәлімет бойынша, Қардашева 2019 жылы облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының есеп бөлімінің бас маманы қызметіне тағайындалған. Басшылық бұйрығы бойынша оған қол қою құқығы сеніп тапсырылған. Осылайша, 2019-2021 жылдар аралығында әйел мекеме басшысының ЭСҚ-кілті арқылы банктегі есепшотына 939 мың теңгені заңсыз аударып алған.
Қардашева кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды өтеп берді. Әйел 10 жасар бала тәрбиелеп отыр және екінші баласына аяғы ауыр.
Бұрынғы шенеунік кінәлі деп танылып, оған екі жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, ол орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінде жазасын өтейді. Оған қоса, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылған. Алайда сотталған әйелдің кішкентай баласы бар болуына байланысты сот үкімін үш жылға кейінге шегерді. Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған 15 күн ішінде шағымдануға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!