БҚО-да медбике жалған дипломмен 10 жыл бойы халықты емдеген

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да медбике жалған дипломмен 10 жыл бойы халықты емдеген Иллюстрациялық фото: ©РИА Новости

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық ауруханасында медбике он жылға жуық білімі туралы жалған дипломмен жұмыс істеген. Бұл жайтты мемлекеттік мекеменің директоры аккредиттеуден өту кезінде анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық ауруханасында медбике он жылға жуық білімі туралы жалған дипломмен жұмыс істеген. Бұл жайтты мемлекеттік мекеменің директоры аккредиттеуден өту кезінде анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аккредиттеуден өту кезінде медициналық мекеме өз қызметкерлерінің дипломдарын қайта тексереді. Тексеру үшін олардың тізімі мамандарды даярлаумен және оқытумен айналысатын жоғары оқу орындары мен колледждерге жіберіледі.

"Амбулаторияның 37 жастағы қызметкерінде медициналық колледжді бітіргені туралы диплом көшірмесі болды. Бірақ ақпаратты тексеру кезінде колледжде ондай түлек жоқ екені анықталды. Тексеріс кезінде әйел декреттік демалыста болған. Ол дипломның түпнұсқасын жоғалтып алғанын айтып, өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазды. Мен құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болдым. Бұл оқиғаны елемеуге болмайды. Ол адамдарды емдейді", - деді БҚО Жаңақала аудандық орталық ауруханасының директоры Сержан Есенгүбеков.

Полиция бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Жалған құжат жасаушы кім екені анықталды.

"Бұл жағдайға қатысты ҚР ҚК 385-бабы, 3-бөлігі ("Жалған құжаттарды қолдан жасау немесе өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жалған құжаттарды қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз", - деп хабарлады полиция департаменті.

Осы баптың санкциясы ірі айыппұлдан бастап екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейтінін айта кету керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети