02 сәуір 2021 | 09:28

БҚО-да өрт сөндіру бөлімі басшысының өлімі: жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" телеарнасының сюжетінен кадр "Астана" телеарнасының сюжетінен кадр

Батыс Қазақстан облысының Қарауылтөбе ауылында өрт сөндіру бөлімі басшысының өліміне қатысты іс бойынша жаңа мәліметтер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысының Қарауылтөбе ауылында өрт сөндіру бөлімі басшысының өліміне қатысты іс бойынша жаңа мәліметтер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ақан Нұрғалиевке ауыл тұрғынының бөлімше аумағына көлік қойғаны ұнамаған. Қайғылы оқиғаға дейін оған ескерту жасаған. Кейін ер адам төбелес шығарып, аямай ұрған.  

"30 жастағы ер адам мас күйде өрт сөндіру бөлімінің аумағына келіп, бөлім басшысын шақыруды талап еткен. Қызметкерлер басшысын шақырады. Ақан Нұрғалиев ер адаммен әңгімелесіп, кейін төбелес басталған", - деді БҚО полиция департаментінің аға инспекторы Диляра Сатарова.

Телеарна мәліметінше, төбелес қызметкерлердің көз алдында болған. Бірақ ешқайсы араласпаған. Олар Ақан Нұрғалиевтің өзі араласуға тыйым салғанын айтып отыр.

Еске салайық, Қарауылтөбе ауылының өрт сөндіру бөлімінің басшысы туысқандарының қорасынан қатты ұрып-соғылған күйде табылды. Ер адам ауыр жарақаттардан ауруханада қайтыс болды. Күдікті тергеу изоляторында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети