БҚО-да полиция басшысының ұлы көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да полиция басшысының ұлы көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған

Батыс Қазақстан облысы полиция басшысының ұлы көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған. Бұл мәліметті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, әлеуметтік желілерді бақылау барысында кәмелетке толмаған баланың рөлде отырып, өзін түсіріп, оны Instagram желісіне жариялап жатқаны анықталған. Полицейлер тексеріс жүргізген. Кейінірек видеоның Ақтау мен Оралда түсірілгені белгілі болды.

"Көлікті кәмелетке толмаған адам басқарған. Бұл жағдай бойынша кәмелетке толмаған баланың 1967 жылғы анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Ол Ақтауда ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі, ал Оралда ӘҚБтК-нің 128-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды", - делінген полицияның хабарламасында.

Полицияның баспасөз қызметі кәмелетке толмаған баланың анасының БҚО полиция департаменті басшысы Махсұдхан Аблазимовтің бұрынғы әйелі екенін және бұл баланың оның туған баласы екенін айтып өтті.

Полиция мәліметінше, әйел адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети