23 тамыз 2022 08:18

БҚО-да шенеунік 40 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері 40 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері 40 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Аудит бөлімінің бас маманы салық төлеуден жалтару деректерін экономикалық тергеу департаментіне жолдамай, жасырып қалған. Осы әрекеті үшін кінәлі тараптан қомақты сыйақы алғаны анықталып отыр.

Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді.

Қадағалаушы орган парақорлыққа қатысты тергеу амалдарын аяқтап, тиісті материалдарды сотқа жолдаған.

Күдікті пара көлемінің 80 еселенген мөлшерінде айыппұл арқалауы немесе 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"БҚО прокуратурасы облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Аудит басқармасының аудит бөлімінің бас маманына қатысты ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 366-бабы 4-бөлігі бойынша  қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен айыптау актісі жасалды", - деді облыс прокурорының аға көмекшісі Әсел Берқалиева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети