БҚО-да терезесінен бүлдіршін құлап түскен балабақшаның директоры мен қызметкерлері жұмыстан уақытша шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да терезесінен бүлдіршін құлап түскен балабақшаның директоры мен қызметкерлері жұмыстан уақытша шеттетілді

БҚО-да терезесінен бүлдіршін құлап түскен балабақшаның директоры мен қызметкерлері жұмыстан уақытша шеттетілді. Бұл туралы Tengrinews TV тілшісіне Орал қаласының білім беру басқармасының басшысының орынбасары Батиқа Пайдина айтып берді. 

Оның айтуынша, оқиға болған күні бүлдіршін балабақшада болғысы келмей, бұзық болған, ішінің ауырғанын айтқан. Таңғы ас ішкеннен кейін баланы тәрбиешінің көмекшісімен бірге қалдыру туралы шешім қабылданған. Көмекші бөлмені реттеп жатқанда 4 жасар Арнұр терезені ашып, секіріп кеткен.

Болған оқиғаға байланысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта бала анасымен бірге ауруханада. Оның жағдайын дәрігерлер "орташа тұрақты" деп бағалады. Ол дәрігерлердің қадағалауында.

Еске салайық, Батыс Қазақстан облысында балабақша ғимаратының терезесінен бүлдіршіннің құлап түскені бейнеленген видео жария болған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети