Алматы қалалық Білім басқармасының өкілдері №1 балалар үйінің тәрбиеленушісінің зорланғанын мәлімдеуіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қалалық Білім басқармасының өкілдері №1 балалар үйінің тәрбиеленушісінің зорланғанын мәлімдеуіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2016 жылдың 8-10 ақпан аралығында балалар үйінің тәрбиеленушісінің арызы бойынша қызметтік тексеріс жүрген, оған тәуелсіз психологтар тартылған. Тергеудің қорытындысында зорлау деректері расталмады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеу шаралын жүргізіп жатыр.
"Зорлады делінген күдікті де балалар үйінің тәрбиеленушісі және оның "жетім" деген статусы бар. Қазіргі уақытта ол колледжде оқиды. Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер ол туралы тек жағымды сипаттама айтады", - деп хабарлады Басқармадағылар.
Шенеуніктердің айтуынша, зорланғанын мәлімдеген тәрбиеленуші демалыс және мереке күндері қонақ болып баратын үйін әрдайым тіркеп жүрген. Жеке өтініш бойынша кезекті рет баруы 2016 жылдың 6-7 ақпанында тіркелген. Қазіргі уақытта бала осы жанұяның қарауында.
"Оған дейін баланы асырап алу туралы айтып, ешкім келген жоқ. Қамқоршылық органдары отбасыға бұл баланы асырап алуға кедергі болып отыр делінген мәлімет шындыққа жанаспайды. Тергеу қорытындысында №1 балалар үйінің әкімшілігінің тарапынан өз ісіне салақ қарау деректері анықталатын болса сәйкес шаралар жүргізіледі", - деп хабарлады Басқармадағылар.
Еске салайық, осыған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев вице-министр Есанғазы Иманғалиевке Алматыдағы №1 балалар үйіндегі тәрбиеленушінің жағдайын шешіп беруді тапсырған болатын. Алматыдағы №1 балалар үйінің 12 жастағы тәрбиеленушісі 2015 жылдың жазында зорланғанын мәлімдеген болатын. Бұл туралы білген адамдар қала прокуратурасына хабар берген. Іс Алматы қалалық ІІД-не берілді, тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта бала асырап алған ата-анасымен бірге тұрып жатыр.