Кеше | 10:09

Боди-массаждан 2 миллиард теңге: астаналықтан пәтерлер, үйлер және Gelandewagen тәркіленді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

ҚМА астаналық департаменті боди-массаж түрінде жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырып, қылмыстық кірістерді заңдастыру арқылы алынған схеманы анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚМА астаналық департаменті боди-массаж түрінде жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырып, қылмыстық кірістерді заңдастыру арқылы алынған схеманы анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021-2023 жылдар аралығында Астана тұрғыны жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып, 2 миллиард теңге қылмыстық табыс алған.

"Follow the money (ақшаны қадағалаңыз) параллельді қаржылық тергеу күдіктінің шоттарына туыстары мен сенімді тұлғаларының банктік деректемелерін пайдалана отырып, заңдастырудың күрделі схемалары арқылы түскен барлық қылмыстық табысты анықтауға мүмкіндік берді.

Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында күдікті өз атына ЖШС тіркеп, ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алып, қайта сатқан. Осылайша, ол 88,5 миллион теңгені заңдастырып, 95 миллион теңге қылмыстық табысқа қолжеткізген", - делінген хабарламада.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа күдікті:

  • 350 мллион теңгеге салынып жатқан объектідегі ауданы 500 шаршыметр коммерциялық үй-жай;
  • 92 мллион теңгеге өз баласына күтім жасап жүрген жөніндегі жалдамалы қызметкерге тіркелген жалпы ауданы 329,1 шаршыметр 5 екі бөлмелі пәтер;
  • 667,5 мллион теңгеге Астанада жалпы ауданы 784 шршыметр жер учаскелері бар екі коттедж;
  • 335,4 мллион теңгеге елорданың элиталық тұрғын үй кешендерінде жалпы ауданы 292 шаршыметр 2 пәтер мен тұрақ орын;
  • 114 мллион теңгеге G63 маркалы Mercedes Benz автокөлігін сатып алған.

Сонымен қатар, тінту кезінде 50 мллион теңге мен бағалы зергерлік бұйымдар табылып, оларға тыйым салынған.

Тергеудің басталғанын білген күдікті тәркілеуден жалтару үшін 5 екі бөлмелі пәтерді 143,5 миллион теңгеге қайта сатып 51,5 миллион теңге қосымша қылмыстық табыс тапқан.

"Сот үкімі бойынша, ол жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін (ҚР ҚК-нің 309-бап, 218-бап 3-тармағы) 6 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлікі мен пәтерлерді сату арқылы алынған ақшасы тәркіленді.

Тергеу нәтижесінде қылмыстық жолмен тапқан 2 миллиард теңгеден асатын қаражатқа сатып алынған барлық мүлік пен сол мүліктен түскен кірістері анықталып, тәркіленді".

Сонымен қатар, пәтерлердің иелері туралы жалған куәлік берген бала күтімі бойынша жалданған қызметкерге қатысты тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer