17 мамыр 2017 | 10:48

Бөтен тойларға барып, ұрлық жасап жүрген ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Медеу аудандық ІІБ қызметкерлері әлеуметтік желілерде бір адамның тойларға барып, қонақтардың ұялы телефонын ұрлап кетіп жүр делінген хабарламаны тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы Медеу аудандық ІІБ қызметкерлері әлеуметтік желілерде бір адамның тойларға барып, қонақтардың ұялы телефонын ұрлап кетіп жүр делінген хабарламаны тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 

"Жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының 1983 жылғы тумасы ұсталды. Ер адам шын мәнінде той өтіп жатқан мейрамханаларға барып жүрген. Ол көбінде үйлену тойларына барып, уақытын көңілді өткізіп қана қоймай, заңсыз баюмен айналысқан. Құдалардың тарапынан келгендей болып, ер адам ұялы телефондарды алып кетіп жүрген. Біздің аудан бойынша мұндай эпизодтардың саны қазіргі уақытта - 7", - деп хабарлады Медеу аудандық ІІБ басшысы полиция полковнигі Есен Ысқақов. 

Осылайша, бұл азаматтың әрекетінде ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабында қарастырылған қылмыс белгілері бар. Яғни бірнеше мәрте мүлік тонау. Осы әрекетіне заңда жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар, фигурант Астанадағы тойларда да ұялы телефон ұрлығына қатысы бар болуы мүмкін екені айтылып отыр.  

"Нұсқалардың бірі бойынша, ер адам Астанадағы той қонақтарын ұрлаған кезде видеоға түсіп қалған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 128-бабының тәртібінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп нақтылады Ысқақов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети