БҚО-да бөлім басшысы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да бөлім басшысы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды

БҚО Шыңғырлау аудандық білім бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО Шыңғырлау аудандық білім бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап. 

Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін сыбайлас жемқорлық үшін күдікті болып танылған "Шыңғырлау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Б.Сапаровқа қатысты тергеу жүргізген.

"Ол орындалған жұмыстың актісіне қол қою үшін Шыңғырлау ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына 1 млн 690 мың теңге көлемінде пара беруге жеке кәсіпкерді итермелегені және алаяқтығы үшін күдікті болып танылған", - делінген хабарламада. 

Биыл 21 қаңтарда Шыңғырлау аудандық сотының үкімімен А.Б.Сапаров алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети