БҚО-да полицей өз басшысын қызметтен кетіру үшін тапанша ұрлаған

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да полицей өз басшысын қызметтен кетіру үшін тапанша ұрлаған © Турар Казангапов

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері Дәулет Бисенғалиев Тайпақ полиция бөлімшесі бастығымен болған жанжалдан кейін қызметтік тапанша мен екі оқсауыт ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" газетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері Дәулет Бисенғалиев Тайпақ полиция бөлімшесі бастығымен болған жанжалдан кейін қызметтік тапанша мен екі оқсауыт ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" газетіне сілтеме жасап.

Тапанша мен оқсауыттардың жоғалып кеткені 12 тамызда жеке құрамның атыс алаңындағы жаттығуы барысында анықталған. Мәліметтер бойынша, өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізді. Нәтижесінде 16 полиция қызметкері жазаланып, 6 полицей жұмыстан босатылды, оның қатарында Дәулет Бисенғалиев те бар. 

Тергеу нәтижесінде жұмыстан босатылған Тайпақ полиция бөлімшесінің үш қызметкерінің айтуынша, ұрлық болғанын екі аптадай ешкім байқамаған және Дәулет Бисенғалиев қару тұратын бөлмеден тапанша ұрлағаннан кейін оны травмат тапаншаға ауыстырып қойған, ал ол Макаров тапаншасына ұқсайды. 

Үшеуі де ұрлық дерегі бойынша жұмыстан шыққан - олар 4-12 шілде аралығында Тайпақ полиция бөлімшесінде кезекте болған. Қазіргі таңда олар қызметтен заңсыз шығарды деп, БҚО ІІД үстінен сотқа жүгінуді жоспарлап отыр. Олар бұйрықтың күшін жоюға және жұмысқа оралуға мүдделі. 

"Менің қорғауымдағылар - жедел уәкіл, учаскелік полицей және учаскелік полицейдің көмекшісі. Оларды сылтаумен жазалаған, себебі тапанша ұрланғанда оларды басшылық кезекке қойған. Бірақ заң бойынша үшеуіне де кезекте тұруға тыйым салынған, себебі олардың күзет бөлімшесінде арнайы сейфте тұрған құпия құжаттарға рұқсаты болмаған. Ол құжаттар - төтенше жағдайдағы іс-әрекет хаттамасы. Бірақ басшылық нұсқаулықты бұзып, оларды күзетке қойған. Осыны негізге ала отырып, сотқа жүгінбекпіз", - деді жұмысынан шығып қалған полицейлердің қорғаушысы Гарифулла Жапашев. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети