БҚО ІІД бірнеше адамның полицейлермен төбелескен видеосына түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО ІІД бірнеше адамның полицейлермен төбелескен видеосына түсінік берді Видеодан үзінді

БҚО ІІД бірнеше адамның полицейлермен төбелескен видеосына түсінік берді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО ІІД бірнеше адамның полицейлермен төбелескен видеосына түсінік берді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

Еске салайық, белгісіз біреулер Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында жол полицейлерімен төбелесткен еді. Оқиға болған жердің маңында тұратындар мен көшедегілер видеоға түсіріп, оны желіге жүктеген. Солардың бірі Facebook қолданушысы Mirbulat Konsultanov оқиғаның видеосын 25 қыркүйекте жариялады.

БҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Орал қалалық ІІБ-ның жол-патрульдік полициясының инспекторлары патрульдеу барысында жылдамдықты асырған автөкөлікті тоқтатқан. "Заңды түрде тоқтатылған көліктің жүргізушісінен құжаттарын сұраған кезде, олар қарсылық көрсеткен. Жарақаттар алғанына қарамастан, полицейлер бұзақыларды ұстады", - деді ІІД-нің өкілдері. 

Полицейлерге қарсылық көрсеткені үшін көліктің жүргізушісі (1992 жылғы) мен жолаушысы (1987 жылғы) ұсталып, қазіргі уақытта уақытша тергеу изоляторына жабылған. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, жүргізушіге қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылған: ҚР Әкімшілік кодексінің "Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлікті басқаруы" және "Мемлекеттік тіркеу номері жалған немесе өтірік болған жағдайда". Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Сондай-ақ полиция оқиғаның Зашаған ауылында емес, Ақсай қаласында болғанын айтады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети