Бір жыл бойы зорлап келген: Қызылордада жантүршігерлік оқиға мәлім болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір жыл бойы зорлап келген: Қызылордада жантүршігерлік оқиға мәлім болды Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Қызылордада 12-14 жастағы жасөпірімдер екінші сынып оқушысын зорлап келген. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Facebook-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада 12-14 жастағы жасөпірімдер екінші сынып оқушысын зорлап келген. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Facebook-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрінің айтуынша, "НеМолчиKz" қорына хабарласқан ер адам екінші сыныпқа енді ғана қадам басқан туысын 12-14 жас аралығындағы бір топ жеткіншек бір жыл бойы зорлап келгенін айтқан.

"Анасы бұл сұмдық оқиға туралы кездейсоқ білген. Ол үлкен ұлы (жәбірленуші, 8 жаста) інісін (кішісі 6 жаста) жыныстық әрекеттерге мәжбүрлегенін естіп қалған. Анасы бірден бұл туралы қайдан білгенін, оны кім үйреткенін сұраған. Бала жылап, бәрін айтып берген. Бәрі биыл 6 мамырда белгілі болған.

Бала ойнауға шыққанда, оны жоғары сынып оқушылары ескі ғимаратқа апарып, сол жерде әдепсіз әрекеттер жасауға мәжбүрлеген. Олар басқа мектептің балалары. Жәбірленуші бала бәрінің аты-жөні мен қайда тұратынын біледі", - дейді белсенді.

Осыдан кейін жәбірленушінің ата-анасы балалардың үйіне барған. Олардың бірі бәрінің көзінше кінәсін мойындаған. Бірақ күдіктілердің жасына байланысты іс 24 сағат ішінде жабылған. 

"Мой ГОРОД" басылымы Қызылорда ПД баспасөз қызметінің оқиғаға қатысты пікірін жазды. ПД мәліметінше, дерек тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс департамент басшылығының бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети