Бір түнде үш көлік ұрланған: Алматыда жедел жәрдемді қуған полицейлердің видеосы тарады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір түнде үш көлік ұрланған: Алматыда жедел жәрдемді қуған полицейлердің видеосы тарады Видео кадры

Алматы облысында ер адам бір түнде үш көлікті ұрлап кеткен. Алматы полициясы оқиғаның жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ер адам бір түнде үш көлікті ұрлап кеткен. Алматы полициясы оқиғаның жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде полицейлер жедел жәрдем көлігін қуып жүргені айтылған видео жарияланды.

Назар аударыңыз! Видеода балағат сөздер айтылған.

Алматы полициясы мәліметінше, 31 шілдеде сағат 21.45-те Құлжа тасжолы бойындағы тұрғын үй кешені аумағынан BMW көлігі ұрланғаны туралы хабарлама түскен. Ұры басқа көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай Есік қаласына жеткенде, қарсы жолаққа шығып, Toyota көлігімен соқтығысқан. Ол жол апаты болған жерден қашып кеткен.

Көп ұзамай күдікті қыздың Nissan көлігін ұрлап кеткен, бірақ тасжолда аударылып қалған. Куәгерлер жедел жәрдем шақырған кезде, шабуылдаушыға оны да ұрлау идеясы келген.

"Облыстық жедел жәрдем бекетіне тиесілі Jac Sunray-мен қалаға қайта келгенде, оны патрульдік полиция экипажы "Ұстау" жоспары бойынша ұстады. Күдікті - 1994 жылы туған ер адам, медициналық куәландыру барысында есірткі тұтынғаны анықталған. Ол қамауда", - деді полицейлер.

Бөтен көлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша Медеу аудандық ПІБ жанындағы полиция бөлімінде, сондай-ақ, Еңбекшіқазақ АІІБ-да үш қылмыстық іс тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети