Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Маңғыстау облыстарында жалған ақша айналымы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекеттік кіріс комитетінің мәліметтері бойынша жалған ақшаны өткізу өткен аптада бастаған.

Жалған ақшаның әртүрлі номиналда жасалғаны мәлім болды. Алаяқтар отандық валютадан өзге шетелдік валютаны да қолдан жасаған. "Осыған байланысты жасанды ақша жасалған және өткізілген орындарды анықтап, келешекте азаматтық айналымға қайта оралмауы үшін, аталған факт бойынша ҚР Бас прокуратурасы барлық құқыққорғау органдарына жедел-іздестіру және тергеу шараларын қолдануды тапсырды", - делінген прокуратура хабарламасында.
Еске сала кетейік, мамыр айында Шымкент қаласында қолдан ақша жасаған 18 жастағы жігіт ұсталған болатын. Бұрын істі болған күдіктіден 500 теңгелік қарапайым баспа қағазымен жасалған 17 қағаз ақша мен 4000 теңге жасанды ақшаға айырбасталған кәдімгі ақша тәркіленді. "Тінту барысында жігіттің үйінен заттай айғақтар табылды, олар - компьютер, қағаз бен жасанды ақша басып шығарған түрлі-түсті принтер", - дейді ІІД мамандары.