29 наурыз 2024 | 09:54

Бірнеше рет көлікпен қаққан: Алматыда жантүршігерлік адам өлтіру оқиғасы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматыда аса ауыр қылмыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда аса ауыр қылмыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Элиталық тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшіні бірнеше рет көлігімен соққан. Оқиға видеоға түсіп қалды.

Үй тұрғындарының айтуынша, шабуыл жасаған ер адам ұзақ жылдар бойы ата-анасымен осы тұрғын үй кешенінде тұрады. Тұрғындар ер адамның нашақорлыққа шалдыққанын айтады. Сол түні ол үйіне келген. Күзетші қақпаны жаба бастағанда, джип мінген ер адам оны бірнеше рет әдейі қағып, артынан көліктен түсіп оны жұдырқтай бастайды. Елді дүрліктірген қылмысқа "Меркур Таун" тұрғын үй кешенінің тұрғындары куә болған.

Назар аударыңыз! Бейнеде қатыгездік көрсетілген көріністер бар!

Күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды.

"Ол джиппен оны бірнеше рет соғып, содан кейін түсіп, ер адамды сабап, басынан тепкен. Осыдан кейін көлігін қойып, үйіне қайтқан. Оның айғайын есту мүмкін емес. Оның тамырлары жыртылып, аяғы жұлынып, өкпесі езіліп, жансақтау бөлімінде көз жұмды", - дейді үй тұрғыны.

Марқұмның артында үш баласы қалған.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында жанжал шығып, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшінің өміріне сәйкес келмейтін дене жарақаттарын келтіріп, күдікті ұсталып, уақытша қамауға алынды. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети