Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Бішкекте өлтірілген лаңкестердің нені көздегендері белгілі болды

17 Шілде 2015, 18:31
0
Арнайы операция кезінде. © Владимир Воронин/vb.kg
Арнайы операция кезінде. © Владимир Воронин/vb.kg

Құрамында Қазақстан азаматтары бар лаңкестік топтың мүшелері  "Кант" әуебазасын жарып жіберуді және қару-жарақ пен оқ-дәрілерді иеленуді жоспарлаған, - деп хабарлайды АКИpress Қырғызстанның МҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 17 шілде күні радикалды діни лаңкестік ұйымның мүшелері Бішкектің халық тығыз орналасқан аудандарында, атап айтқанда Ала-Тоо алаңында Айт мерекесін тойлау кезінде бірқатар жарылысты ұйымдастырмақшы болған. "Осы мақсатта олар қуаты жоғары, қолдан жасалған жарылғыш заттармен автокөліктерді жаруға ниеттенді. Бомбаларды жасау үшін 500 литрге жуық аммиак селитра сатып алынған", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Бішкектегі арнайы операция барысында 4 лаңкестің көзі жойылып, ДАИШ ұйымына қатысы бар топтың жеті мүшесі ұсталды. Лаңкестік топты Қазақстан Республикасының азаматы Жанболат Әміров басқарған, ол Қырғызстанда сотталып, түрмеден қашып, ресми іздеуде болған еді.

Алты АК автоматы, 1 АКСУ, 5 ПМ мен ТТ тапаншалары, өте көп граната мен оқ-дәрі, қолдан жарылғыш зат жасау үшін алынған 500 келі аммиак селитрасы табылып, тәркіленді. Бішкекте болған арнайы операция кезінде МҰҚК арнайы бөлімшесінің төрт қызметкері ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, жағдайлары қанағаттанарлық. "Қазіргі таңда астыртын лаңкестік топтың мүшелері мен көмекшілерін табу мақсатында МҰҚК органдарымен тергеу мен жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай