18 наурыз 2016 | 16:00

Бұрын сотты болған зейнеткер әйел Талғат Ермегияевтің ісі бойынша сот алдына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Бұрын сотты болған зейнеткер әйел Талғат Ермегияевтің ісі бойынша сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бұрын сотты болған зейнеткер әйел Талғат Ермегияевтің ісі бойынша сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында алдын ала сот отырысы өтті, онда судья "Астана ЭКСПО" компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша айыпталып жатқандардың аты-жөнін жария етті. Сот алдына 23 адам келді, олардың ішінде екі әйел бар. Олардың бірі 69 жастағы зейнеткер әйел Орал Ибаділдинова бар. Судьяға берген жауабында ол өзі жайлы мәліметті - зейнеткер екенін және елордада тұратынын айтты. Сонымен қатар, ол өзінің Есіл аудандық сотының шешімімен бұған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы бойынша 2,5 жылға шартты мерзімге сотталғанын хабарлады. Айтуынша, соттың шешімі 2015 жылдың қарашасында күшіне енді.  

Осы іс бойынша Орал Ибаділдиноваға ҚР Қылмыстық кодексінің 312-бабының 5-бөлігі, 28-бабының 5-бөлігі, 176-бабының 4-бөлігінің "б" пункті бойынша күдік келіп отыр. 

Бүгін осы істі қарап жатқан судья Әділхан Шайхисламов сотталушылардың тізімін жария етті.

Талғат Ермегияев ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 5-бөлігі, 176-бабының 4-бөлігінің "б" пункті бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті - "Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену" бойынша айыпталып отыр. "Астана ЭКСПО-2017" экс-төрағасы үйқамақта отыр. Сотта оны екі адвокат қорғайды.

Аян Адамбаев - ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 312-бабының 5-бөлігі.

Нұрлан Ақпамбетов - ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 176-бабының 4-бөлігінің "б" пункті, 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті.

Ренат Ақылбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 176-бабының 4-бөлігінің "б" пункті, 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті.

Суламбек Баркинхоев ("Астана ЭКСПО-2017" ҰК экс-атқарушы директор) - ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 4-бөлігінің "б" пункті.

Мәдина Дәулетбаева - ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті.

Сергей Ильин - ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 176-бабының 4-бөлігінің "б" пункті, 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті.

Шоқан Матайбеков - ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі.

Қуаныш Медеуов - ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті.

Серік Найзабеков - ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті.

Мұрат Омаров - ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті, 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабынығ 4-бөлігінің 2-пункті.

Әлішер Пірметов - ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті.

Вячеслав Пягай - ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 176-бабының 4-пунктінің "б" пункті.

Талғат Сағындықов - ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті.

Самат Сардарбеков - ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті.

Сейіт Сейітов - ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 4-бөлігінің "б" пункті, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті.

Валерий Син - ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті.

Алпысбек Тілекметов - ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті.

Ерлан Тілеуов - ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті.

Азамат Тұматаев - ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 311-бабының 5-бөлігі, 176-бабының 4-бөлігінің "б" пункті.

Қажымұрат Үсенов ("Астана ЭКСПО - 2017" ҰК құрылыс департаментінің бұрынғы жетекшісі) - ҚР Қылмыстық кодексінің 207-бабының 1-бөлігі, 28-бабының 5-бөлігі, 176-бабының 4-бөлігінің "б" пункті, 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті, 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті. Үсенов үй қамауында отыр.

Марс Шорманов - ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті.

Айта кетейік, кейбір сотталушыны бұрындары атышулы істерге қатысқан адвокаттар қорғап жатыр. Сот ашық режимде өту үстінде.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети