27 қазан 2015 | 19:22

Бұрынғы әйелін өртеп өлтірді деп айыпталып жатқан Қанат Сәдуов қашып кеткісі келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Бұрынғы әйелін өртеп өлтірді деп айыпталып жатқан Қанат Сәдуов қашуды жоспарлағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғы әйелін өртеп өлтірді деп айыпталып жатқан Қанат Сәдуов қашуды жоспарлағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотталушы бұрынғы әйелі Светлана Сәдуова тірідей өртеніп кеткеннен кейін Ақмола облысында тұратынын кіші інісінің үйіне келгенін айтты. 

"Інім үйде болған жоқ. Үйлеріне кірдім, онда тек балалар болды. Келін бақта жүрді. Мен кіріп ванна қабылдадым. Кейін келінім кіріп келді. Ол шошып кетті. Мен оған қылмысқа қатысым жоқтығын айттым. Осы кезде үй есігін учаскелік полиция қақты. Мен жүгіріп барып қарадым. Үйді 10 шақты адам қоршауға алған. Мен көп ойланбастан: "Есікті аш" дедім. Өзім жертөлеге секіріп кеттім. Біз екі жыл бұрын жертөле қазып, ол жерден моншаға тартпа көмей жүргізген едік. Мен інімнің бұл жолды жауып тастағанын білген жоқпын. Егер мен білсем, онда секірмес едім", - деді Қанат Сәдуов сотта өзінің ұсталуы кезінде түсірілген кадрды көрсеткеннен кейін.

Бұл кадрдан Қанат Сәдуовтің жертөледен шығарылып жатқанын көруге болады. Жертөле інісі Марат Сәдуовтің үйінде орналасқан.

Айта кетейік, бүгін сот отырысы кезінде сотталушы қылмыстық іске еш қатысы жоқ екенін айтты. Сонымен қатар ол бұрынғы әйелін кімнің өлтіргенін білетінін мәлімдеді.

Қанат Сәдуов ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлім 5-пунктінде көрсетілген "Аса қатыгездікпен кісі өлтіру" бабы бойынша айыпталып жатыр. Осы істі қарап жатқан судья процеске қатысушыларға сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде Қанат Сәдуовке бірқатар сараптаманың тағайындалғанын айтты. Олардың нәтижесі бүгінгі сот отырысында көрсетілді.

"Қанат Сәдуов қоғамға қауіп төндірген кезінде психикалық, патологиялық және физиологиялық күйзелісте болмаған. Ол өз әрекетіне есеп беріп, өзін басқара алатын жағдайда болды. Сәдуовтен осы жағдайға әкелуі мүмкін психикалық аурулар анықталмады", - деді Ербол Рахымбеков.

Ол сот-наркологиялық сараптамасы арқылы Сәдуовтің алкоголизм немесе наркоманияға шалдықпағаны анықталғанын айтты. Іс материалдарынан Светлана Сәдуованың полицияға күйеуінің үстінен бірнеше рет шағым түсіргенібелгілі болды. Осы іс бойынша сот тергеуі аяқталды. 28 қазанда Қанат Сәдуовке жаза кесіледі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети