Бұрынғы министр Біртановтың ісі Бас прокуратураға қайтарылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Ибрагим Әлкенов бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың және бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің қылмыстық ісін прокурорға қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Ибрагим Әлкенов бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың және бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің қылмыстық ісін прокурорға қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚІЖК-нің 320, 321, 323-баптарын басшылыққа ала отырып, судья сотталушылар Біртанов пен Әбішевтің қорғаушыларының қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы өтінішхатын қанағаттандырды. Іс материалдарына сәйкес, Біртанов ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 361-бөлігі 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған және Әбішев ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі 4-тармағы 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған. Оның ісі бойынша қылмыстық іс жүргізу заңнамасын бұзу деректерін жою үшін іс Бас прокуратураға қайтарылды", - делінген хабарламада.

Судья қорғаушы Бейсекеевтің Біртановқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

"Қазір іс прокурорларға тапсырылған Біртанов пен Әбішевке қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі бір айға ұзартылсын", - деп ұйғарды Ибрагим Әлкенов.

2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.

Бұрынғы министр Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Адвокаттың айтуынша, құқық қорғау органдары іс бойынша бапты қайта саралаған.

Еске салайық, бұған дейін Біртановтың адвокаты экс-министр неге санавиациямен ұшқанын түсіндірген болатын. 

Экс-министр Біртанов үйқамақтан тағы да шыға алмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro