08 мамыр 2014 | 18:27

Бұрынғы вице-министр Шаяхметовтің соты мамыр айында болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саят Шаяхметов. ©Ortcom.kz Саят Шаяхметов. ©Ortcom.kz

Астана қалалық соты Білім және ғылым министрінің сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталған бұрынғы орынбасары Саят Шаяхметовтің ісін мамыр айында қарайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне министрлік басшысы Аслан Сәрінжіпов хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Астана қалалық соты Білім және ғылым министрінің сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталған бұрынғы орынбасары Саят Шаяхметовтің ісін мамыр айында қарайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне министрлік басшысы Аслан Сәрінжіпов хабарлады.

"Мамыр айының соңына дейін сот басталады. Іс құқық қорғау органдарынан сотқа берілді", - деді Сәрінжіпов Алматыда кітаптың таныстырылымы сыртындағы әңгіме кезінде. Министр ведомствоның сотқа зардап шегуші тарап ретінде қатысатынын айтты.

2013 жылдың 1 қарашасында қаржы полициясы Шаяхметовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Экс-вице-министр Өскеменде 700 орындық білім беру мекемесі құрылысы кезінде қызмет өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталып отыр. Ол мемлекетке 1,1 млрд теңге көлемінде шығын келтірген. Шаяхметов 2013 жылдың мамыр айында тұтқындалды.

Қаржы полициясының мәліметінше, "ҚР тұрғызылып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы" ЖШС бас директоры Пакқа, "Сервис ЖАК" ЖШС бұрынғы бас директоры Киреевке және осы серіктестіктің қазіргі директоры Тұтыбалинге аталған бюджет қаржысын алаяқтық жолмен жымқырды деген айып тағылды. 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети