20 шілде 2017 | 10:44

Былтыр 4 жылға сотталған ақтөбелік миллиардер депутат бостандыққа биыл шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейіржан Өндіргенов Мейіржан Өндіргенов

Өткен жылдың тамыз айында аса ірі көлемде ақша жымқырды деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған экс-депутат Мейіржан Өндіргенов үлгілі тәртібі үшін мерзімінен бұрын бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұндай қаулыны сот 30 маусымда шығарыпты.


Иконка комментария блок соц сети

Өткен жылдың тамыз айында аса ірі көлемде ақша жымқырды деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған экс-депутат Мейіржан Өндіргенов үлгілі тәртібі үшін мерзімінен бұрын бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұндай қаулыны сот 30 маусымда шығарыпты.

Айта кетейік, ол Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылдың 1 тамызындағы үкімімен ҚР ҚК-нің 190 бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен алаяқтық, яғни мемлекеттік бюджетті адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен, алдау арқылы, аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған еді. Ал компанияның вице-президенті Әділов Ербол Өтегенұлы 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылып, жаза өтеу орны жалпы режимдегі түзету колониясы белгіленген болатын. Оларға аталған үкіммен мүліктері тәркілеу қосымша жазасы тағайындалған.

Сонымен қатар, Өндіргеновтың үйінде, жұмыс орнында және банк есепшоттарында табылған және алынған 3 миллион 292 мың 178 АҚШ доллары, 1 миллион 811 мың 654 еуро, 161 791 теңге, 326 300 ресей рублі және банк есеп шотындағы 84 миллион 583 мың 480 теңге, 89 мың 259 АҚШ доллары сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін, 900 миллион 542 мың теңге көлемінде келтірілген залалды жабу үшін және мемлекет пайдасына өндірілетіні белгілі болған еді. 

Өндіргеновтің сотталуына байланысты, сот ҚР Президентінің атына оны мемлекеттік наградасынан ("Құрмет" ордені) айыру туралы ұсыныс келтірілгенін де айта кетейік.

Еске салайық, Мейіржан Өндіргенов 2016 жылдың 30 мамырында аса ірі көлемде қаржы бопсалады және өлтіремін деп қорқытты деген күдікпен ұсталған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети