Былтыр некелескен еркекшоралардың бірі кісі қолынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Былтыр некелескен еркекшоралардың бірі кісі қолынан қаза тапты Кристина мен Каролина. ©Voxpopuli.kz

Астанада еркекшоралар отбасының мүшесін айуандықпен өлтіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ауданы прокуроры Алан Тіленшиевке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада еркекшоралар отбасының мүшесін айуандықпен өлтіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ауданы прокуроры Алан Тіленшиевке сілтеме жасап.

"Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы 5 мамыр күні тергеушінің Кристина Чернышеваны өлтірді деп айыпталып отырған үш адамға қатысты тұтқындау шарасын қолдану туралы өтінішін қанағаттандырды. Кристина Чернышева бұған дейін бейресми түрде біржынысты некеге отырған қыздардың бірі ретінде белгілі", - дейді Тіленшиев. Оның сөзіне қарағанда, айыпталушылар марқұмды асқан қатігездікпен өлтірген, қазір күдіктілер тұтқындалды.

26 наурыз күні Чернышеваның жоғалып кеткені мәлім болған, содан кейін оған іздеу жарияланды. Тергеу барысында полицейлер қыздың Астанада өлтірілгенін анықтады. Күдіктілер - үш қыз, олардың арасында Чернышевамен бірге некеге отырған бойжеткен де бар. Прокурордың айтуынша, кісі өлтіруге марқұм мен айыпталушылар арасындағы жеке бас мәселесі себеп болуы мүмкін. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың кінәсі дәлелденсе, олар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өткен жылы Қарағандыда екі қыздың үйлену тойын өткізгені хабарланған еді. Бейресми некеге тұрған қыздардың бірі - Астана тұрғыны Кристина болса, екіншісінің есімі - Каролина.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети