Иллюстрация. ©Тengrinews.kz
Қарағандыда қаржы полицейлері бюджеттің 17 млн теңгесінің тиімсіз жұмсалуына жол бермеді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Мемлекеттік сатып алу сайыстарын өткізу барысында Қарағанды қаласының 5 және Абай қаласының 1 мектепке дейінгі мекемесінің лауазымды тұлғалары тамақ өнімдерін сатып алу бағасын негізсіз көтермелеген. Қаржы полициясы қызметкерлерінің уақытылы әрекет етуінің нәтижесінде 10 млн 122 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражаты үнемделді", - дейді мамандар. Осыған ұқсас жағдай Қарағандыдағы екі мектептен, Балқаштағы бір мектептен анықталды. Сөйтіп, қазынаның тағы 6 млн 641 мың теңгесі мақсатсыз жұмсалып кете жаздаған жерінен үнемделді. Тексеру шаралары барысында тендер құжаттарына, негізінен, ірімшік, құс еті, көкөніс пен жеміс түріндегі тамақ өнімдерінің сатып алу бағасының 20-30%-ға көтермеленіп жазылғаны әшкереленді. Қаржы полицейлері, сондай-ақ, Теміртау қаласының тұрғын-үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің жанар-жағармайды көтермеленген бағамен сатып алмақ болған әрекетінің жолын кесті. Шенеуніктер шығынды 101 мың теңгеге артық есептепті. "Қаржы полициясы қызметкерлері мемлекеттік сатып алу порталындағы әрбір хабарландыру мен жоспарға мониторинг жүргізеді. Сайысты өткізу барысында сатып алу бағасының көтермелену фактісі анықталған жағдайда, мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен шарттарды жою туралы ұсыныстар жолданады", - дейді агенттіктің баспасөз қызметі.
Қарағандыда қаржы полицейлері бюджеттің 17 млн теңгесінің тиімсіз жұмсалуына жол бермеді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекеттік сатып алу сайыстарын өткізу барысында Қарағанды қаласының 5 және Абай қаласының 1 мектепке дейінгі мекемесінің лауазымды тұлғалары тамақ өнімдерін сатып алу бағасын негізсіз көтермелеген. Қаржы полициясы қызметкерлерінің уақытылы әрекет етуінің нәтижесінде 10 млн 122 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражаты үнемделді", - дейді мамандар. Осыған ұқсас жағдай Қарағандыдағы екі мектептен, Балқаштағы бір мектептен анықталды. Сөйтіп, қазынаның тағы 6 млн 641 мың теңгесі мақсатсыз жұмсалып кете жаздаған жерінен үнемделді.
Тексеру шаралары барысында тендер құжаттарына, негізінен, ірімшік, құс еті, көкөніс пен жеміс түріндегі тамақ өнімдерінің сатып алу бағасының 20-30%-ға көтермеленіп жазылғаны әшкереленді. Қаржы полицейлері, сондай-ақ, Теміртау қаласының тұрғын-үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің жанар-жағармайды көтермеленген бағамен сатып алмақ болған әрекетінің жолын кесті. Шенеуніктер шығынды 101 мың теңгеге артық есептепті.
"Қаржы полициясы қызметкерлері мемлекеттік сатып алу порталындағы әрбір хабарландыру мен жоспарға мониторинг жүргізеді. Сайысты өткізу барысында сатып алу бағасының көтермелену фактісі анықталған жағдайда, мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен шарттарды жою туралы ұсыныстар жолданады", - дейді агенттіктің баспасөз қызметі.