02 қыркүйек 2020 | 15:44

"Бізді Алла кешірсін": Атырауда сәби өліміне қатысты істе жаңа дерек шықты

Фото: elements.envato.com

Атырау перинаталдық орталығындағы сәби өліміне қатысты жаңа дерек шықты. Бұл туралы сот процесі кезінде айтылды. Куәгер ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Асқарбек Ермұқашев тыңдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ак Жайық" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау перинаталдық орталығындағы сәби өліміне қатысты жаңа дерек шықты. Бұл туралы сот процесі кезінде айтылды. Куәгер ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Асқарбек Ермұқашев тыңдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ак Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 2019 жылдың 29 қыркүйегінде болған. Сол күні Атырау перинаталдық орталығында дүниеге келген сәби қимылдамаған және оны өлі туылды деп рәсімдеген. Бірақ сәбиді мұздатқыш камерасына әкелген кезде аяғы қимылдаған.

Реклама
Реклама

Антикоррупциялық қызметтің нұсқасы бойынша дәрігерлер құжаттар шатаспасын деп баланы мұздатқышта қалдырған. 

"Даусын естімедім". Атырауда көз жұмған нәрестенің анасы

Сот кезінде Ермұқашевтің айтуына қарағанда, перзентхана қызметкерлері баланы қандай жолмен өлтіруді таңдаған.

Сотталып жатқан акушер Құлбатырованың адвокаты Талғат Мұқатанов өзі қорғап отырған азаматты кінәлайтын қандай дәлел бар екенін сұрады. 

"Жасырын тергеудің нәтижесі куәгерлердің айтуы және сот-медицина сараптамасының нәтижесінің негізінде", - деп жауап берді.

Құлбатыроваға қатысты "басқа қылмысты жасыру мақсатында алдын ала топ адаммен келісімді түрде аса қатаңдықпен өлтіру" деген айып тағылды. Ермұқашев тергеушілер мұны қалай дәлелдегенін айтып берді.

"Бұған жасырын тергеу жұмыстарының нәтижесі дәлел. Екі адамның телефон арқылы сөйлескені бар. Әңгіменің мағынасын ашу үшін филологиялық сараптама жасалды. Сіз қорғап отырған азамат - орындаушы. 

Жоғарғы соттың нормативтік қаулысына сәйкес, аса қатаң қылмысқа жататыны - баланы мұздатқышқа салып, оның тыныс алу жолын жабу. "Басқа қылмысты жасыру мақсаты" - ҚР ҚК 317-бабы бойынша (медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиіс деңгейде орындамау)  қылмысты жасыру үшін сәбиді мұздатқышқа салды. Аудиожазбаның мазмұнына қарасақ, оны суға салсақ, сараптама баланың өкпесінен су табуы мүмкін екенін айтқан, сондықтан оны мұздатқышқа салады. Бала біраз уақыт көмексіз қалды, оған ешкім қол ұшын созбады. Міне, осы дәлелдер", - деді тергеуші.

Сондай-ақ қорғаушы жағдайдың аяқ астынан болғанын және күдіктілер "біреуді өлтіру үшін алдын ала келіспегенін" атап өтті. 

"Психологиялық-филологиялық сараптамада "бұл бұйрық береді" деп жазылған. Бұл жерде қандай алдын ала келісім болуы мүмкін", - деп сұрады адвокат Бақберген Айтмамбетов.

Атырауда перзентханада 31 қызметкер өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз берген

"Мен телефон арқылы әңгіменің стенограммасы, филологиялық сараптаманың қорытындысы бар екенін айттым. Онда олар өзара ақылдасып, баланың тағдырын қалай шешетінін келіскен. Тағы телефон әңгімесінің стенограммасында "Бізді Алла кешірсін" деген сөздер бар. Олар не істеп жатқанын түсінді", - деді Ермұқашев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная