08 қазан 2019 09:27

"Даусын естімедім". Атырауда көз жұмған нәрестенің анасы

© pixabay.com © pixabay.com

Атыраулық дәрігерлер сотқа тартылып отырған істегі нәрестенің анасы, 24 жастағы Нұржамал Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында дәрігерлер оған баланың өлгенін бірден хабарлағанын айтты. 


Атыраулық дәрігерлер сотқа тартылып отырған істегі нәрестенің анасы, 24 жастағы Нұржамал Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында дәрігерлер оған баланың өлгенін бірден хабарлағанын айтты. 

Оның айтуынша, босану сәтінде ол есін біліп жатқан. Жас ана сәби туған сәтте оның даусын естімеген. 

"Ол - біздің тұңғышымыз еді. Біз биыл сәуірде шаңырақ құрғанбыз. Мен босанғаннан кейін дәрігерлер баланың шетінеп кеткенін айтты. Жолдасым тиісті органдарға шағым жазды. Басқа ештеңе айта алмаймын", - деді Нұржамал. 

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі дәрігерлер дүниеге келген нәрестені шетінеп кетті деп жазып жіберді деген күдікке ілінгенін хабарлаған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олар тіршілік белгілері білінген баланы құтқарып қалудың орнына сәбиді құжаттарға сәйкес тоңазытқышқа салып қойған делінеді. Дәрігерлердің мұндай әрекетіне мәліметтер базасында сақталып қойған құжаттарды түзеу мүмкіндігі болмағаны болуы мүмкін. 

Атырауда көз жұмған нәрестенің өліміне байланысты жаңа ақпараттар пайда болды

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қаза болған нәрестенің отбасына көңіл айтқан. Ол тергеу жұмыстарының нәтижесін күтуге шақырған. Президент Әкімшілігі Атырау облысындағы нәрестелердің қаза болу жағдайларының күрт артуы мәселесін шешуді тапсырған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети