21 маусым 2017 | 17:32

Cақташ Хасеновтың соңғы сөзі: Ауыл шаруашылығын дамытуға пайдамды тигізер едім

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сақташ Хасенов. © ortcom.kz Сақташ Хасенов. © ortcom.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жемқорлықпен айналысты деп айыпталған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің бұрынғы төрағасы Сақташ Хасенов сот үкімінің алдында соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жемқорлықпен айналысты деп айыпталған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің бұрынғы төрағасы Сақташ Хасенов сот үкімінің алдында соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сақташ Хасенов соңғы сөзін айтпастан бұрын тергеушілердің өзіне қажетті түсініктемелерді алу үшін төрт сағаттан аса уақыт ұстап, қорқытып-үркіткенін мәлімдеді.

"Биыл күзде ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеп жүргеніме 35 жыл болады. Біраз қиындықтардан өттім - бригада агрономы қызметінен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің директорлар және жұмыс аппаратының басшысы қызметіне дейін жұмыс істедім. Осы уақыт бойы жетістіктерге жеттік, қателіктер де болды. Бірақ басты қателікті мен 2016 жылдың 4 қарашасында жасадым", - деді Сақташ Хасенов судьяға.

Сондай-ақ, ол осымен 8 ай тергеу изоляторында болғанын айтты. Сақташ Хасеновтың айтуынша, оның қоғамнан және отбасынан шеттетіліп тастауы ол үшін өмірлік әрі қатаң сабақ болды.

"Жас емес кезімде осы уақытқа дейін жеткен жұмысымнан айырылдым - ол жұмыс, абырой, қарапайым адамдардан тұрған қоғам. Аграршы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты бола тұра және осындай тәжірибемен мен ауыл шаруашылығы өндірісін дамытып және жалпы қоғамда кадрларды дайындауда пайдамды әлі де тигізер едім", - деді сотталушы.

"Мен істеген ісіме қатты өкінемін. Егде жастағы анама уайым болдым. Сізден менің айтқан сөздерімді ескеріп, қасиетті Рамазан айында адамгершілік, кешірімділік танытып, маған қатысты бас бостандығынан айыру туралы жаза қолданбауыңызды сұраймын", - деді Сақташ Хасенов.

Еске салайық, Сақташ Хасенов 2016 жылдың 4 қарашасында бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталған. Ол өз кінәсін толығымен мойындады. Ұлттық бюроның мәліметінше, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Хасенов Сақташ Қазақстан аумағына ет өнімдерін кіргізуге рұқсат қағаздарын беріп отырғаны үшін бірнеше рет пара алған.

"Комитет төрағасы Хасенов өзінің сенімді өкілі Решетько арқылы алдын ала келісім бойынша Қазақстан аумағына әрбір ет өнімінің келісі үшін кәсіпкерлерден ай сайын ақша алып отырған. Хасеновтың құзыретімен 2016 жылдың наурыз айынан қазанға дейін елімізге 7,4 мың тонна құс еті кедергісіз кірген. Хасенов пен Решетько алған параның көлемі - 37 миллион теңге", - деген еді Антикоррупция қызметі.

Айта кетейік, 2010 жылы 10 тамызда Сақташ Хасенов ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын, ал 2015 жылы маусым айында ол Қазақстанның ауыл шаруашыдық министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып сайланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети