"Чукоткадағы" төбелес ісі бойынша сотталушы соңғы сөзін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Чукоткадағы" төбелес ісі бойынша сотталушы соңғы сөзін айтты Сотталушы Александр Кузнецов. ©Владимир Прокопенко

Алматы қаласындағы "Чукотка" барында шыққан төбелес ісі бойынша соттың іс қарауы аяқталуға жақын. Айта кетейік, төбелес кезінде қатысушылардың бірі Сырым Мұратқалиев қаза болған еді. Басты күдікті Александр Кузнецов 29 маусымда сот отырысында соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. &nbsp&nbsp


Кузнецов іс материалдарының өз тарапынан болған қорғау дерегін растағанын мәлімдеді. "Тараптарды қатар тыңдау кезінде бәрі өз ретіне келді, істе ешқандай да дақ қалмады. (...) Тергеу тарапынан және прокуратура тарапынан да іс материалдарына қол қойылды, бұл олардың осыған келіскенін білдіреді. Іс материалдарында пышақпен шабуыл жасалғаны көрсетілген. Пышақ күдік туғызбайды. Менің әрекетім өзімді қорғау ретінде бағаланды", - деп мәлімдеді Кузнецов.&nbsp

Сонымен қатар, ол ҚР Жоғарғы сотының барлық тұлғаның қажетті кезде өзін-өзі қорғауға құқығының бар екендігі туралы қаулысын еске салды. "Мен өзімді кепілге алынған адам ретінде және осы аталып отырған пікірге (сот қаулысының - Авт.) прокурордың келісім бермеуінің құрбаны ретінде сезінемін, прокурордың өз пікірін заңға және Жоғарғы соттың пікіріне қарсы қоюға талпынуы. Маған қатысты бап менің кінәлі еместігімді және менің әрекеттерімнің толықтай өзін-өзі қорғау екенін көрсетеді. Бұл күрес менің ісім ғана емес, әрбір қазақстандықтың өзін-өзі қорғауына құқығы. (...) Біз өзіміздің өмірімізді және денсаулығымызды сақтауға құқығымыз бар! - деді күдікті - Мен сол жағдайда&nbspбасқаша әрекет ете алмайтын едім - маған пышақпен шабуыл жасалды. Менің Сырымға деген бөтен ойым болмады, ол маған шабуыл жасағаннан кейін де&nbspоған алғашқы жәрдем көрсетуге тырыстым. Бұл туралы куәгерлер де айтты. Енді мен тірі қалғаным үшін айыпты болып отырмын. Оның өмірін сақтап қалғым келгені үшін кінәлімін. Мен, әрине, кінәсіздігімді соңына дейін дәлелдей бермекпін. Мен кінәлі емеспін, соттан мені ақтауды сұраймын".&nbsp

Еске сала кетейік, Алматыдағы төбелес Гоголь көшесінің бойында орналасқан "Чукотка" бары маңында болған еді. Бұған дейін төбелестен бір адамның қаза болғаны хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша, төбелес түнгі клубқа келушілердің арасында болған. Ұсталғандардың бірінің айтуынша, клубта оған екі ер адам келіп, жанжал шығарған. Содан кейін клубтың күзетшісі оларды көшеге шығарып жібереді, сол кезде әлгі екеуі мұны жұдырық пен суық қарудың астына алады. Төбелеске қатысушылардың бірі - 37 жастағы ер адам асфальтқа құлап, басынан жарақат алған. Ол сол жерде қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, оның өлімі ашық бассүйек-ми жарақатынан болды. Медеу аудандық ішкі істер басқармасы оқиғаны тергеуге кірісті. Кейін бұл оқиғаға байланысты "Чукотка" барының әкімшілігі пікір білдірді. Мекеменің ресми сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, төбелеске ядро лақтырудан Қазақстан чемпионы қатысқан

Бұдан кейін&nbspтүнгі клубта болған төбелестен қаза тапқан жігіттің туыстары күдікті Александр Кузнецовтан 18 миллион теңге және үш пәтер талап еткен болатын.

&nbsp
Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +21
Ақтау +32
Ақтөбе +32
Атырау +35
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +35
Қызылорда +27
П
Павлодар +28
Петропавл +27
С
Семей +30
Т
Талдықорған +29
Тараз +33
Түркістан +36
О
Орал +23
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер