ДАИШ идеясын насихаттаған рудныйлық заңгерге жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДАИШ идеясын насихаттаған рудныйлық заңгерге жаза кесілді © Ng.kz

Рудный тұрғыны әлеуметтік желі арқылы ДАИШ идеясын насихаттағаны үшін 6 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Наша Газета".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудный тұрғыны әлеуметтік желі арқылы ДАИШ идеясын насихаттағаны үшін 6 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Наша Газета".

№ 2 Қостанай соты 18 қарашада заңгер Болат Сатқанғұловқа үкім шығарды. Айыптау дерегі бойынша, ол ДАИШ идеясын насихаттаған. 2014 жылдың қаңтарынан бастап Рудный тұрғыны әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы терроризм мен экстремизм идеяларын насихаттайтын бейнероликтер жариялаған. Сонымен қатар, 2015 жылдың ақпанында ол WhatsApp арқылы өз танысына террорлық әрекеттерді ақтайтын аудиожазба жөнелткен.

Сот процесінің көп бөлігі жабық түрде өтті. Тілшілер залға тек алғашқы отырыс пен үкім шығарар кезде ғана кіре алды. Сатқанғұлов болса кінәсін мойындаған жоқ, дегенмен үкімді байыппен қабылдады. Оның адвокаты мен туыстары сот шешімімен келіспейтіндерін айтты.

"Үкім толығымен айыптау қорытындысына сәйкес шығарылды, - деді сот дәлізінде адвокат Снежанна Ким. - Біз мұндай шешіммен келіспейміз. Бұл терроризм идеясын насихаттау емес, дін тақырыбын достарымен талқылау. Ол жүктеген видеоларды көруге мүмкіндік бәріне берілген, теледидардан да көрсетілді".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети