ДАИШ-пен байланыста болып, шымкенттік кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасағысы келгендер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДАИШ-пен байланыста болып, шымкенттік кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасағысы келгендер сотталды "Астана" телеарнасының кадры

Шымкентте ДАИШ-пен байланыста болғандар сотталды. Оларды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары ел аумағында теракт жасамақ болды деп айыптаған еді. Бүгін сот үш айыпталушыға жаза кесті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте ДАИШ-пен байланыста болғандар сотталды. Оларды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары ел аумағында теракт жасамақ болды деп айыптаған еді. Бүгін сот үш айыпталушыға жаза кесті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Тілшілердің мәліметінше, жабық есік жағдайында өткен істің бүге-шүгесі ашылмай отыр екен. Алайда ұйымдасқандардың екеуінің Шымкентте, үшіншісі, яғни басты фигурант, Қарағандыда ұсталып, Оңтүстікке жеткізілгені белгілі. 21, 22 және 31 жастағы жігіттер түрлі қылмыс жасағаны үшін бұрын да сотты болғаны анықталған. Дінге түрмеде отырғанда бет бұрған. Негізгі тапсырыс берушімен де темір тордың арғы жағында отырып таныс болғандарын сот кезінде айтқан.

Сотталғандар Қазақстанда тыйым салынған экстремистік топ мүшесінің нұсқауымен шымкенттік белгілі кәсіпкерді нысанаға алған. Бірақ қарақшылық жасау жолымен дүние-мүлкін жымқыру туралы арам пиғылдары жүзеге аспай қалған.

Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері Қарағанды облысының үш азаматын маусым айында қамауға алған болатын. Екі айға созылған сот процесі аяқталды. Айыпталушылардың екеуі сегіз және тоғыз жылға сотталса, олардың үшінші сыбайласы 4 жыл 9 айға қамалды. Сотталғандар екеуі жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады.

ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Нұрсұлу Жораеваның айтуынша, "Ж" және "К" Қазақстан Республикасында тыйым салынған халықаралық ДАИШ террористік ұйымының құрамына кіретін топ мүшелерімен тығыз байланыста болып, оларды ОҚО бойынша ҰҚК-нің қызметкерлері ұстаған. 

Сонымен бірге, осы үкім бойынша сотталушы терроризм туралы материалдарды өз компьютерінде сақтап, оны ҚР аумағында насихаттағандығы үшін кінәлі деп танылған. Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети