04 ақпан 2014 | 16:17

Дәрігер қателігіне қылмыстық жаза қолданылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Қазақстанда дәрігердің қателігі үшін қылмыстық жаза белгіленуі мүмкін. Бұл туралы медицина жұмысшыларының кәсіби дайындығын бағалау жүйесін енгізу тақырыбына арналған брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызмет комитетінің төрайымы Лаура Ахметниязова айтты деп хабарлайды "СТВ" телеарнасы. "Денсаулыққа нұқсан келтірген кезде медицина жұмысшыларының жауапкершілігін қатайту көзделіп отыр" деген Ахметниязова осы кезге дейін дәрігерлік қателікке әкімшілік жаза қарастырылған болса, келешекте қылмыстық жаза белгіленуі мүмкін екенін түсіндірді. "Бізде клиникалық тәжірибеге жіберуге рұқсат беретін сертификат бар, бұл - міндетті сертификат. Сонымен бірге, белгілі бір санат берілгені туралы сертификат бар. Медицина жұмысшысын сертификатынан айыра отырып, біз оның қызметті іске асыруына жол бермейміз. Бірақ, бұл қазір сот жүзінде болады", - деді ол. Дәрігерлердің шалағайлығы, әрекетсіздігі, қателігі сияқты жайттарға арналған қылмыстық жаза Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында қарастырылып отыр. Бұған дейін жаңа Қылмыстық кодексте барлық медициналық қылмыс үшін арнайы бөлім болатыны хабарланған еді. ҚР Бас прокуратурасының Бірінші басқармасының бастығы Алмас Мұхамеджанов Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында "Бұл - "Қазақстан - 2050" стратегиясында ана мен балаға қарсы қылмыстардың жауапкершілігін күшейту мақсатында мемлекет басшысы қойған міндет" деп атап өтті.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети