25 сәуір 2021 12:49

Дәрігерлер "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешені күзетшісінің жағдайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Telegram/Qumash/видеодан алынған Фото: Telegram/Qumash/видеодан алынған

"Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешені күзетшісінің аяғын оқ тесіп өткен. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешені күзетшісінің аяғын оқ тесіп өткен. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде ер адам мен күзетші арасында жанжал болып, нәтижесінде ер адам аңшы мылтығымен күзетшінің аяғынан атқан еді.

"Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, барлық қажетті терапия жасалады. Ол тесіп өткен жарақат алған. Барлық жедел шара жүргізілді", - деді басқарма өкілдері.

Айта кетейік, 24 сәуірде күндіз Бұқар жырау бульварындағы "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде ер адам (сол пәтерде тұруы мүмкін) мен күзетші арасында жанжал болып, нәтижесінде ер адам аңшы мылтығымен күзетшінің аяғынан атқаны хабарланған еді. Желіде оқиғаның видеосы жарияланған болатын. Артынша оқ атқан ер адам терезені сындырып, секіріп кетті.

Кейін күдіктінің пәтерде тығылып жатқаны хабарланған болатын. Қарулы адам келіссөзден бас тартып, баспалдақ аумағына қарай 10-нан аса оқ атқан

Арнайы операция аяқталғанға дейін ҚР ҚК-ның 293-бабы "Бұзақылық" бойынша іс қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети