Дәрігерлер шекарадан өту үшін жалған анықтамалар сатқан - ҰҚК

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ҰҚК © ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері карантин кезінде Қазақстан аумағына заңсыз кіріп-шыққандарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері карантин кезінде Қазақстан аумағына заңсыз кіріп-шыққандарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің сайтына сілтеме жасап.

ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаментімен "Ж" жеке медициналық орталығымен ұйымдастырылған ҚР шекарасын заңсыз өтуге қолданылатын жалған дәрігерлік консультациялық комиссия (ДКК) қорытындыларын сату бойынша қызметі тоқтатылды.

"Биыл 18 қыркүйекте жедел-іздестіру шаралары кезінде жалған ДКК қорытындысын бақылау сатып алу нәтижесінде аталған медициналық орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеті расталды.

Жедел-тергеу шаралардың нәтижесінде алдында берілген 200 жуық ДКК қорытындылары, дәрігерлердің қолы мен таңбалары қойылған толтырылмаған бланкілер, таңбалар және компьютерлік техника табылып, тәркіленіп алынды", - дейді комитеттегілер.

Куәгерлерден жауап алу нәтижесінде ДКК қорытындыларының түпнұсқалары алынып, сәйкес экспертизаға жолданды.

ҰҚК мәліметінше, медициналық орталықтың директор орынбасары мен бас дәрігері 5 мың теңге ақшалай сыйақы үшін жалған ДКК қорытындыларын тұлғаларға сатып отырған. Сонымен қатар, шетел медициналық мекемесінен шақыру қажет болған жағдайда, қызмет бағасы 10 теңгеге бағаланды.

"Аталған факт бойынша ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаментімен ҚР ҚҚ 385 бабы 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген тергеу шаралары және жинақталған дәлелдемелер нәтижесінде күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады.

Нәтижесінде 2020 жылдың 19 қарашасында сотпен күдіктілер ҚР ҚҚ 385 бабы 2 тармағы бойынша кінәлі болып табылып, әрқайсысына 1000 МЕК көлемінде айыппұл тағайындалды

Осы жылдың қыркүйегінен бастап 3 ШҚО тұрғыны жалған ДКК қорытындыларын пайдалану арқылы шекарадан заңсыз өту әрекеті тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro