Алматы облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында "Асыл Арман" ТК-де фармацевт әйелін айуандықпен өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкім шығар алдында сотталушы - 34 жастағы Азамат Құлымбетов марқұм әйелінің туыстарынан кешірім сұрап, жылап жіберді. Алқа билер сотының үкімімен ол кісі өлтірді деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
© Tengrinews.kz
Еске салайық, 2017 жылдың ақпанында Азамат Құлымбетов әйелі Жанар Насырованы 22 рет пышақ салып өлтірген болатын. Оқиға "Асыл Арман" тұрғын үйінің дәріханасында болған. Оқиға видеобақылау камерасына түсіп қалған. Құлымбетов пен Насырова 12 жыл некеде болған.
© Tengrinews.kz