YK-news.kz порталының тілшілері Шығыс Қазақстан облысының 14 жастағы тұрғыны Айым Ұлтомбаеваның өліміне қатысты жаңа деректер анықтады. Айта кетейік, оқушының мәйіті сегіз айдан кейін табылған болатын. Оны 23 жастағы көршісінің түн ортасында буындырып өлтіргені белгілі болды.
YK-news.kz порталының тілшілері Шығыс Қазақстан облысының 14 жастағы тұрғыны Айым Ұлтомбаеваның өліміне қатысты жаңа деректер анықтады. Айта кетейік, оқушының мәйіті сегіз айдан кейін табылған болатын. Оны 23 жастағы көршісінің түн ортасында буындырып өлтіргені белгілі болды.
"Тергеу болжамы бойынша, 2015 жылдың 11 қыркүйегі күні кешке 23 жастағы Мақсат Б. өзінің таныстарымен бірге ішімдік ішіп, түнгі сағат бір жарым шамасында үйіне қайтады. Айым Ұлтомбаева тұратын үйдің жанынан өтіп бара жатып, ол сол үйдің терезесін қаққан. Оқушы қыз үйінің босағасына шығады. Б. оған кенеттен бас салып, қолымен буындыра бастайды. Айымның өлгеніне көзі жеткен Б. қыздың денесін қаланың сыртындағы қоқыс тастайтын жерге апарады. Қазір оның бұл қылмысқа не себепті барғаны анықталып жатыр", - деді басылым тілшілері.
Бұған дейін Айым Ұлтомбаеваның анасы - Зимхан Ибрайымова қызының көршісімен ешқашан сөйлеспегенін айтқан болатын. "Біз осы адамнан күдіктеніп отырмыз. Ол біздің көрші. Айым ешқашан онымен сөйлескен емес. Ол туралы не айта алам? Ол жәй ғана маньяк. Оның бірнеше рет қылмыс жасағанын білемін", - деді Зимхан Ибрайымова.
Сегізінші сыныпта оқитын Айым Ұлтомбаева 2015 жылдың қыркүйегінде ШҚО Шар қаласында жоғалып кеткен еді. Ол өз үйінен түннің кезінде ұшты-күйлі жоқ болып кеткен. Қыздың үстінде жатын киімі ғана болған. Ал аяқ киімі, телефоны, басқа да заттары үйінде қалыпты. Көрші бөлмеде ұйықтап жатқан үлкен ағасы болса ештеңе естімегенін айтады.
Полицейлер қызды сегіз ай бойы іздеді. 12 мамыр күні мәйітті өтіп бара жатқан адам қоқыстың арасынан тауып алды.
Жас қыздың өліміне қатысы бар делінген күдікті дереу ұсталып, қамауға алынды. Кейін оның басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Болжам бойынша, ол енді өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.