"Астана" телеарнасы Қарағандыдағы жантүршігерлік қылмыстың мән-жайын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Астана" телеарнасы Қарағандыдағы жантүршігерлік қылмыстың мән-жайын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Телеарна мәліметінше, Қарағанды тұрғыны бөтелкелесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, қоқысқа лақтырған. Қанды қылмыс өткен аптада болған. Алайда оның жай-жапсары енді ғана жария болып жатыр.
Жантүршікгерлік оқиға Университеттік көшесі 19-шы үйде болған. Көршілердің айтуынша, 2 наурызда Арман есімді жігіт бірнеше бөтелке арақ алып, көршісі Даниярды қонаққа шақырыпты. 37 жастағы жігітті мұнан соң ешкім көрмеген.
"Мен Арманмен араласып тұратынмын. Сол күні оған қоңырау шалдым. "Данияр сенің қасыңда ма?", - деп сұрадым. Ол "жоқ, көрмедім" деп тұтқаны тастай салды. Ол екеуі бірге ішкені анық. Пышақ сілтеген. Данияр қарсы келген, ал анау күштілік танытқан болып тұр шамасы", - дейді куәгер Александр Панкратов.
Туыстары Даниярды үш күн бойы іздеген. Ал, көршісі сол кезде бөлшектелген денені қоқыс қалташаларына салып, түнделетіп сол маңдағы бірнеше қоқыс жәшігіне бөліп тастаған. Қазір осы оқиғаның ізімен қылмыс іс қозғалған.
"33 жастағы ер адам ұсталды. Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсету шараларын берді. Бұл дерек бойынша "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Көршілердің сөзінше, күдікті жиі ішімдік ішіп, айналасындағыларға әлімжеттік жасайтын болған. Есірткіге де әуестігі бар болған. Кісі өлтірген 33 жастағы ер адам жалғыз тұрған. Тұрғындардың сөзінше, оның жүйкесі сыр бергендіктен туыстары Арманды жалғыз қалдырған. Ол бұған дейін де осыған ұқсас қылмыспен сегіз жыл жазасын өтеп шыққан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!