ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қазан 2018 | 16:27
Денис Тен туралы атышулы жазбасы үшін оралдық мұғалім 4 жылға бас бостандығынан шектелді
Денис Тен туралы атышулы жазбасы үшін айыпталған оралдық мұғалім Шерхан Байзенов 4 жылға бас бостандығынан шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денис Тен туралы атышулы жазбасы үшін айыпталған оралдық мұғалім Шерхан Байзенов 4 жылға бас бостандығынан шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот Байзеновті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") айыпты деп таныды.
© Tengrinews.kz
Мұның алдында оралдық мұғалімнің үш жылға сотталуы мүмкін екені айтылған болатын.
Байзеновтің жазбасы әлеуметтік желілерде шу шығарып, қазадан қайғырып жатқан жұрт мұғалімнің әрекетін сөккен. Кейінірек жазба авторының БҚО-дағы Белес ауылында мектеп мұғалімі екені анықталды. 25 жастағы мұғалім физика пәнінен сабақ береді.
Осыдан кейін мұғалімнің үстінен шағымдар түскен, тіпті ол оқытатын балалардың ата-аналары шағымданып, баласын оған оқытқысы келмегенін мәлімдеген. Осыдан кейін Байзенов мектеп директорына кіріп, жұмыстан шығуға дайын екенін айтыпты.
Показать комментарии
Читайте также