24 қазан 2018 09:55

Оралдық мұғалім Денис Тенге байланысты жазбасы үшін үш жылға сотталуы мүмкін

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерхан Байзенов Шерхан Байзенов

Оралдағы мұғалім Денис Тен жайлы жазған хабарламасы үшін бірнеше жылға қамалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Оралдағы мұғалім Денис Тен жайлы жазған хабарламасы үшін бірнеше жылға қамалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Орал қалалық сотында ұлт аралық араздық тудырды деп айыпталған Шерхан Байзеновке қатысты сот процесі аяқталуға жақын. 

Сот отырысы барысында сотталушы жауапқа тартылды. Ол белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қайтыс болған күні Интернеттен көптеген жазба көргенін айтты.

"Мен оның кім екенін білмедім. Instagram-ға жазба жазып, сториске салып қойдым. Жазбамда нақты Денис Тен туралы айтылмаған. Кейін Әлеуметтік желілерде кешірім сұрап видео жарияладым. Мен кінәлімін, кешірім сұраймын. Мен ауру анамды бағып отырған жалғыз адаммын", - деді сотталушы. 

Айта кету керек, арыз берген тарап сотталушымен кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісім жасасудан бас тартты.

"Соттан Шерхан Байзеновті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабына сәйкес қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны орта деңгейдегі қауіпсіздік мекемесінде үш жыл жазасын өтеу туралы үкім шығаруыңызды сұраймыз", - деді мемлекеттік айыптаушы.


© Tengrinews.kz

Шерхан Байзеновті полиция қызметкерлері желі пайдаланушыларының шағымынан кейін ұстаған. Шағымдар бойынша, ол қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге шабуыл жасағандарды қолдап парақшасында жазба қалдырған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети